Толық кеңес алуға арналған байланыс номері:
8(716-37)5-13-05
Біздің электрондық пошта: kppkkorgalzhyn18@mail.ru
Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. 29 маусым күні Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында аралас форматта Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Б. Дүйсенова қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Қорғалжын ауданындағы инклюзивті білім беру жағдайы, инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерін ашуға дайындық және т. б. мәселелер қаралды.Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты М. Ө. Ибраев арнайы педагогтерге қажеттілікті азайту қажет екенін атап өтті, сондай-ақ уәкілетті органмен келісілген бағдарламаларға сәйкес ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жөніндегі педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша ұсынымдар ұсынылды.