Толық кеңес алуға арналған байланыс номері:
8(716-37)5-13-05
Біздің электрондық пошта: kppkkorgalzhyn18@mail.ru
Ақмола облысы білім басқармасының «Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, №18 Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2023 жылғы қызметі жөніндегі жарты жылдық есебі
Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы «№18 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
2023 жылдың тамыз айында ПМПК қорытындысы бойынша барлығы 35 бала жіберілді. Оның ішінде 25 балаға мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- Электрондық үкімет веб-порталы бойынша – 25 қызмет (71%)
- Бас тарту қызметі бойынша – 2 (6%)
- Ата аналармен жұмыс жүргізілуде - 8(23%)
Жоспарға сәйкес 3 педагогикалық кеңес өткізілді, онда ППТК мамандары жоспарға сәйкес баяндамаларын оқыды.
"Электрондық үкімет порталы" арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін нормаларға сәйкес өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, мемлекеттік қызметтерді алу үшін ақпараттар мен қажетті құжаттардың үлгілері көрсетілген стенд орналасқан.
2022 жылғы 15 желтоқсандағы 10/6758 хатының негізінде білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 14 наурыздағы №403 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында іс-шаралар өткізілу қамтамасыз етілді. Осыған байланысты «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» тақырыбында мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы туралы №18 ППТК әдіскері С.Б. Саутбекова тікелей эфир жариялады.
2023 жылдың 23 тамыз айында Білім басқармасының заң бөлімі ұйымдастырған арнайы білім беру ұйымы саласындағы мемлекеттік қызметтер Ақмола облысы, мекеменің әдіскері С.Б. Саутбекова мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша семинар-кеңеске қатысты