Толық кеңес алуға арналған байланыс номері:
8(716-37)5-13-05
Біздің электрондық пошта: kppkkorgalzhyn18@mail.ru
Ата-ананың басты қуанышы, қызығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден-ақ татулыққа, сыйластыққа ынтымаққа шақырып, ата-ана көңілін жақындастыра түсетін де-бала. Отбасы- ең алғаш рет тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік іс-әрекетін ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылатын талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары , бос уақытын дұрыс ұйымдастыру сияқты мәселелерге баса көңіл бөлген жөн. Баланың жан-жақты білім алуына ата-ана барынша жағдай жасауы тиіс. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ана –отбасында жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы жақсылығының ең бағалысы ол-перзенті. Отбасы –адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады..Сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде қалады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол, сондықтан да ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс.