Ақмола облысы білім басқармасының «Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы,№18 Психологиялық педагогикалық тузету кабинеті» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции №18, село Коргалжын, Коргалжынский район" управление образования Акмолинской области

Толық кеңес алуға арналған байланыс номері: 

8(716-37)5-13-05

Біздің электрондық пошта: kppkkorgalzhyn18@mail.ru


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған түсіндірме жұмыстары өткізілді

17.02.2020

Ақмола облысының білім басқармасының 2020 жылдың 28 қаңтарында «Білім» бағыты бойынша  «Nur Otan» партиялық куратордың Өңірлік комиссиясы отырысы хаттамасының 1-тармағының 1-8 тармақшаларына назар аудара отырып, 14 ақпан күні "№18 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің" логопеді Рахымберлі Гүлдана Мағауияқызы балаларды ерте жастан тексеруден өткізу қажеттілігі туралы ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Гүлдана Мағауияқызы өз сөзінде қолайлы ерте көмек көрсету маңыздылығы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен белгіленеді. Мектепке дейінгі жастағы, мектеп жасындағы балалардың, жеткіншектердің және ересектердін денсаулығының негізі осы ерте жаста қаланады. Осы кезде ағзаның барлық морфологиялық және функционалды жүйелері құрыла бастайды.

Ерте коррекциялық көмек көрсетудің негізі- сәбилер мен ерте жастағы балалардың физиологиялық және психикалық дамуын жан-жақты зерттеу болып табылады.

Ерте коррекциялық көмек көрсету тәжірибесін іске асыру нақты түзетушілік нысаның анықтаудан басталады. Көптеген мамандардың ойы бойынша мұндай жұмыстар тек дамуында белгілі бір кемістіктері бар балалармен ғана емес, сонымен қатар болашақта әлеуметтік бейімделуі қиын болу мүмкіндігі бар балалармен жүргізілуі тиіс. Осындай кешенді көмекті талап ететін балаларды анықтаудың негізгі құралы жалпы скрининг әдістемесі болып табылатының атап өтті. Сонымен қатар, №18 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс барысымен таныстырып өтті.

Сөз соныңда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дей келе ата-аналарды балалардың ертенгі болашағын ойлап, баланы ерте жастан тексеруден өткізу жұмыстарын бірге жүзеге асыруға шақырды.

Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

    

 

Текст