Толық кеңес алуға арналған байланыс номері:
8(716-37)5-13-05
Біздің электрондық пошта: kppkkorgalzhyn18@mail.ru
Ақмола облысы білім басқармасының "Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, №18 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ 2020 жылдың 18 мамырынан бастап санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, өз жұмысын штаттық режимде бастайды.
Ата-аналармен ППТК келу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді, 11 мамырдан бастап жұмыс істейтін қызметкерлер санын анықтады,
2020 жылы қызметкерлердің жұмысқа шығу кестесін құрады;
балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыстар жоспарланды;
Күн сайын барлық қызметкерлердің таңертеңгілік фильтрі жүргізіледі. Балаларды қабылдау кезінде медицина қызметкері мен қызметкерлердің күнделікті таңертеңгілік фильтрін өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен үйге қайтарылады.
ППТК-да көрінетін және қол жетімді орындарда персоналдың, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері қарастырылған.
Санитарлық торапқа және басқа да қажетті сәттерге барғаннан кейін балалардың қолын өңдеу бойынша қызметкерлердің дербес жауапкершілігі (сұйық сабын пайдаланып қолды жуу).
Желдету режимі сақталады.
Үй-жайда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, терезе алды, сантех жабдықтарды екі рет өңдеу жүргізіледі (ППТК-да балалар болмаған кезде дезқұралдарды пайдалану).
Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, маскалық режим енгізілді, ылғалды тазалау жұмыстары жүргізілді. Түзету кабинеті оқу кестесін бекітті. 10 бала ата-анасының келісімімен штаттық режимде сабаққа келеді. Әр баланың қолында педиатрдан анықтама болуы керек. 13 бала қашықтықтан оқиды. Әр баламен өткізілген сабақтан кейін кабинет желдетіліп, кварцтау процедурасы өткізіледі. Оқушылар мен ұйым қызметкерлерінің дене температурасы бақыланады. ППТК-ның барлық қызметкерлерінде терапевтің жұмысқа қарсы көрсетілмейтіндігі туралы анықтамасы бар.